БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ақмарал Ерекешева Испаниядағы халықаралық жарыста екі қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Испанияның Овьедо қаласында өткен клубтық чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, екі қола медаль иеленді.

Ұлттық құрама спортшысы жекелеген бағдарламалар бойынша жүлдегерлер қатарына енді. Ерекешева шығыршықпен жаттығуда 29.700 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ қазақстандық гимнаст лентамен өнер көрсету бағдарламасында да жоғары нәтиже көрсетіп, төрешілерден 27.600 ұпай алды. Бұл нәтиже оған тағы бір қола медаль әкелді.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева өнер көрсеткен «Gimnasia Chiclana» клубы командалық есепте төртінші орынға ие болды.

Осылайша, қазақстандық спортшы халықаралық жарысты екі қола жүлдемен аяқтап, маусымдағы кезекті табысты нәтижесіне қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button