БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Бибісара Асаубаева Норвегиядағы супер турнирдің жеңімпазы атанды

Норвегияның Осло қаласында әйелдер арасындағы беделді шахмат супер турнирі аяқталды. Әлемнің үздік шахматшылары қатысқан жарыста қазақстандық Бибісара Асаубаева жеңімпаз атанды.

Турнир барысында Бибісара басты қарсыластарының бірнешеуін жеңіп, көш басына шықты. Соңғы турда ол украиналық гроссмейстер Анна Музычукпен тең түсіп, жинаған ұпай саны бойынша бірінші орнын сақтап қалды.

Қазақстандық шахматшы жарысты 16,5 ұпаймен аяқтап, турнирдің чемпиондық атағына қол жеткізді.

Жеңімпаз ретінде Бибісара Асаубаева қомақты қаржылай сыйақыға да ие болды. Ұйымдастырушылар оған 700 мың норвегиялық крон тапсырды. Бұл шамамен 36,4 миллион теңгеге тең.

Осылайша, қазақстандық шахматшы халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістігіне қол жеткізіп, әлемдік деңгейдегі беделді турнирде үздік атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button