БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өтіп жатқан Veronica’s Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз классикалық садақ атудан жекелей сында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

Шешуші кездесуде Ильфат Абдуллин Үндістан өкілі Сачин Гуптаны 6:4 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Осылайша, қазақстандық мерген халықаралық жарыста ел қоржынына алтын жүлде салды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы аталған турнирде тағы бір жүлдеге қол жеткізген болатын. Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық сайыста Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қола медаль иеленді.

Қазақстандық садақшылардың бұл нәтижесі халықаралық маусым алдындағы дайындықтың жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button