БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Зейнолла Идрисов Challenge Cup кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, төрешілерден 14.133 ұпай алды.

Бұл нәтиже оған күміс медаль иеленуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ бұл Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі алғашқы жүлдесі болды.

Осы бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Нариман Курбанов финалда 13.233 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді хорватиялық Матео Зугеч жеңіп алды. Оның нәтижесі – 14.166 ұпай. Қола жүлде Ұлыбритания өкілі Джошуа Нэтанға бұйырды, ол 14.100 ұпай жинады.

Айта кетейік, Challenge Cup кезеңі Копер қаласында жалғасып жатыр және Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да жүлделер үшін күресін жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button