БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді.

Қазақстандық спортшылардың өнері төрешілер тарапынан 208,6150 ұпаймен бағаланды.

Алтын медаль Ұлыбритания өкілдері Изабель Торп пен Ранджуо Томблинге бұйырды. Олар 225,9034 ұпай жинады. Күміс жүлдені испаниялық Карла Лоренсо Льюска мен Энеко Санчес Агилар иеленді — 210,8792 ұпай.

Қазақстандық тағы бір жұп — Артур Майданов пен Айғаным Саим жүлдеге өте жақын болды. Олар 207,0650 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Понтеведрада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңін қола медальмен бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button