БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топтық көпсайыста қола медаль жеңіп алды

Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құрама топтық көпсайыс бағдарламасында қола медаль иеленді.

Бұл сында Қазақстан намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Қазақстандық гимнастар жарыс қорытындысы бойынша 52,85 ұпай жинады. Алтын медальді 53,95 ұпаймен Өзбекстан құрамасы жеңіп алды. Қытай командасы 53,8 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Азия чемпионатындағы үшінші медаль тіркелді. Бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс жүлде жеңіп алса, ұлттық құрама командалық көпсайыста да екінші орын алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button