Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылары белгілі болды

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді.
Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Екі кездесу де Әзербайжанның Габала қаласында өтеді. Алғашқы ойын 6 маусымға, ал екінші матч 9 маусымға жоспарланған.
Бапкерлер штабы оқу-жаттығу жиынына 29 футболшыны шақырды.
Қақпашылар:
Абай Заманбек, Мирдиер Мирахматов (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Байжан Асхат («Шахтер»).
Қорғаушылар:
Ислам Рашидов, Әлихан Әбди, Ильдар Датхабаев, Георгий Гречка (барлығы – «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси, Никита Лисохмар (барлығы – ҚФФ Академиясы), Абылай Тоқтасын («Шахтер»), Джамиль Қалмаханбек («Ордабасы»).
Жартылай қорғаушылар:
Әли Садырбаев, Тимур Казанцев (екеуі де – «Шахтер»), Алихан Ахилбаев, Нұрали Салимов, Әлижан Зәру, Нұрхад Нұрымов, Темірлан Абжапар (барлығы – «Қайрат»), Асхат Дұтпаев, Сұлтан Дәуренов (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Рахман Аман («Ордабасы»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания).
Шабуылшылар:
Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев (екеуі де – «Қайрат»), Әнуар Төленді, Бекасыл Қанат (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Алмат Сапархан («Ордабасы»).



