
Қазақстандық гимнаст Эмиль Ахмеджанов Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз еркін жаттығулар бағдарламасында үздік нәтиже көрсетті.
Финалдық сында Эмиль Ахмеджанов 13,650 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.
Күміс медальді өзбекстандық Хумоюн Исломов иеленді — 13,600 ұпай. Ал қола жүлде моңғолиялық Энхтүвшин Дамдиндоржға бұйырды — 13,500 ұпай.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алтынхан Темірбек финалды сегізінші орынмен аяқтады. Оның нәтижесі — 12,500 ұпай.



