
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде бес жүлде жеңіп алды.
Ұлттық құрама қоржынына бір алтын, бір күміс және үш қола медаль түсті.
Жәния Бекмұхамбетова U13 жас санатында барлық қарсыласынан басым түсіп, турнир чемпионы атанды.
Ал Назерке Болатбек U11 санатында күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар Мария Лукьянова (U15), Адель Вебер және Дагир Данияров (U11) қола медаль жеңіп алды.



