БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде қола медаль иеленді.

Отандасымыз U13 жас санатындағы жарыста үздік үштікке енді.

Турнир барысында Жәния Бекмұхамбетова таиландтық Фаннапат Чингсоньоенді, сингапурлық Чен Этель мен Мао Хлоуды 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ жапониялық Асахи Кавагучиден 3:2 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Малайзия өкілі Анг Чжи Юймен кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді. Осылайша Жәния жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button