АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Петр Хребтов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бесінші орын алды

Қазақстан құрамасы Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатындағы жарыс жолын бастады.

Ұлттық құрамадан алғашқы болып жарысқа Петр Хребтов шықты.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші қоссайыс нәтижесі бойынша 335 келіні (150+185) еңсеріп, бесінші орынға тұрақтады.

Азия чемпионатының алтын медалін Солтүстік Корея өкілі Ри Рён Хён жеңіп алды — 364 келі (158+206). Күміс жүлде тағы бір солтүстіккореялық спортшы Ри Чон Сонға бұйырды — 358 келі (161+197). Ал қола медальді қытайлық Лу Найган иеленді — 345 келі (157+188).

Айта кетейік, бүгін 88 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасынан Александр Уваров пен Әлібек Рахымберды сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button