ДЗЮДО

Қазақстан дзюдодан Испаниядағы European Open турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы дзюдодан Испанияның Бенидорм қаласында өтетін European Open халықаралық турнирінде бақ сынайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметі бойынша, ұлттық құрама сапына 16 спортшы енді.

Қатысушылар қатарында Астанадағы Grand Slam турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Ғалия Тынбаева да бар. Қазақстандық дзюдошы 2025 жылдан бері алғаш рет халықаралық татамиге оралмақ.

Ерлер құрамасы:

  • 60 келіге дейін: Айдар Қарғұлов, Асылхан Зинуллин, Нұрдәулет Мейрамбеков
  • 66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр, Нұрмұхамед Ботабай
  • 73 келіге дейін: Бақытжан Әбдірахманов, Дастан Шаяхметов
  • 81 келіге дейін: Айғали Қалдыбек
  • 100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев
  • 100 келіден жоғары: Мәди Еділбаев

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Зарина Хуснадин
  • 57 келіге дейін: Ботагөз Әділханова, Іңкәр Төлепбергенова
  • 63 келіге дейін: Ханзада Қайратова

Айта кетейік, European Open турнирі 16–17 мамыр аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button