ТРЕНДТЕ
Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финалға жолдама алды.
Отандасымыз жұптық сында ресейлік Павел Бар-Бирюковпен бірге өнер көрсетуде.
Ширек финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Үндістан өкілі Джеван Недунчежиан мен ресейлік Сергей Бетов жұбын 4:6, 7:5, 10:8 есебімен жеңді.
Енді финал жолдамасы үшін Григорий Ломакин мен Павел Бар-Бирюков үндістандық Мукундр Сасикумар және Адиль Калианпур жұбымен кездеседі.



