
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Колумбияның Медельин қаласында өтетін Гран-при санатындағы халықаралық турнирде бақ сынайды.
Аталған додада ұлттық құраманың тоғыз спортшысы өнер көрсетеді.
Ел намысын Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Нұржан Әбжанов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғайды.
Айта кетейік, жарыс 8–10 мамыр аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Венгрияның Будапешт қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерлік Сертай күміс жүлдегер атанған болатын.



