
Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлде қорын тағы үш медальмен толықтырды.
Турнирдің екі дүркін жүлдегері атанған Виктор Друзин еркін бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді. Осылайша, ол жарыстағы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін спортшы техникалық бағдарламада да қола медаль жеңіп алған еді.
Сонымен қатар, Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова техникалық бағдарламада күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық дуэт жарысты екінші орынмен аяқтады.
Ал осы бағдарламада Айғаным Саим мен Артур Майданов қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі таңда төрт медаль бар. Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 3 мамырда аяқталады.


