БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Виктор Друзин Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин ұлттық құрама қоржынына қола медаль салды.

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасында 232.5350 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Бұл сайыста тағы бір қазақстандық спортшы Алдияр Рамазанов жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орын алды.

Алтын медальді Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин (245.6850) жеңіп алса, күміс жүлде қытайлық Муе Гоға (245.2684) бұйырды.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 3 мамырға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button