
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Топтық кезең аясында қазақстандық спортшылар тағы екі жеңіске қол жеткізді.
Әйелдер құрамасы:
Қазақстан – Моңғолия – 3:0
Зәуреш Ақашева – Буренджаргал Санджаа – 3:0
Сарвиноз Миркадирова – Болор-Эрдэнэ Батмөнх – 3:1
Әнел Бақыт – Эгшиглен Бат-Эрдэнэ – 3:0
Ерлер құрамасы:
Қазақстан – Мысыр – 3:2
Кирилл Герасименко – Омар Ассар – 3:0
Алан Құрманғалиев – Мохамед Эльбеали – 3:1
Ескендір Харки – Юсеф Абделазиз – 0:3
Алан Құрманғалиев – Омар Ассар – 2:3
Кирилл Герасименко – Мохамед Эльбеали – 3:1
Бүгін, 30 сәуірде, ерлер құрамасы Таиланд командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады. Ал әйелдер құрамасы Чехияға қарсы ойнап, бұл кездесу 21:00-де өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға жол берген болатын.



