БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды

Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден өткен Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Халықаралық додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, үш алтын медаль еншіледі.

Олег Носков турнирдің екі дүркін чемпионы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын жүлде жеңіп алса, сондай-ақ 50 метрде мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.

Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды.

Осылайша, қазақстандық жас мергендер халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейін дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button