БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық джиу-джитсушылар Париждегі Grand Prix турнирінде топ жарды

Франция астанасы Париж қаласында ересектер арасында өткен PARIS JUJITSU GRAND PRIX 2026 (JJIF Grand Prix) халықаралық турнирі аяқталды.

Әлемнің 28 елінен жиналған 550 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан атынан өнер көрсеткен елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Астана қаласының екі өкілі жарыста алтын жүлде жеңіп алды. Турнирдің алғашқы күні 56 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Бекзат Казтаев барлық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды.

Ал жарыстың екінші күнінде 85 келі салмақта сынға түскен Мерей Кабдуллаев та шеберлігін дәлелдеп, алтын медальді еншіледі.

Осылайша, жаттықтырушы Арманжан Рузахунов жетекшілік ететін елордалық қос спортшы Париж төрінде Қазақстанның мерейін үстем етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button