ФУТБОЛ

Қазақстан U-16 құрамасы Әзербайжанмен тең ойнап, пенальтиде жеңілді

Шымкент қаласында өтіп жатқан УЕФА Даму турнирінде Қазақстанның 16 жасқа дейінгі құрамасы екінші ойынын Әзербайжан U-16 командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында алғашқы болып есепті қарсылас ашты. 18-минутта әзербайжандық Руслан Гулиев гол соғып, өз командасын алға шығарды.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы ойын қарқынын арттырып, белсенділік танытты. Алаңға шыққан ойыншы алмастырулар өз нәтижесін беріп, 74-минутта Әмірхан Маратов Давид Заречныйдың нәтижелі пасынан кейін есепті теңестірді.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Алайда пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 2:4 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, Русланжан Раимбакиев баптайтын команда турнирдегі екінші ойынында тең нәтижеден кейін пенальтиде жеңіліс тапты.

Матч мәліметі:
Әзербайжан U-16 – Қазақстан U-16 – 1:1 (пенальти 4:2)

Голдар: Гулиев 18 – Маратов 74

Кездесу 27 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button