
Қазақстанның әйелдер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер турниріне Қазақстан, Қытай, Таиланд және Гонконг құрамалары қатысып, жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Әр команда бір-бірімен кездесіп, үздік анықталды.
Соңғы тур алдында Қазақстан мен Қытай құрамалары екі жеңістен жинап, алтын жүлденің тағдыры өзара кездесуде шешілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты шешуші матч кейінге шегеріліп, жабық ғимаратта өткізілді. Тартысты өткен ойында Қытай құрамасы басым түсіп, үш кезеңде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы бір кезеңде ғана басымдық танытты. Қорытынды есеп — 3:1.
Осылайша, қазақстандық спортшылар турнирде екінші орын алып, ел қоржынына бесінші медальді салды.
Саньядағы додада Қазақстан намысын Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай қорғады.



