Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі басталады

25–30 сәуір аралығында Астана қаласында жасөспірімдер арасындағы «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтеді.
Турнирге 9–11 сынып оқушылары қатысып, республикалық додада еліміздің 15 өңірінен келген 15 команда өзара мықтыны анықтайды.
Қатысушы командалар:
Алматы қаласы №31 мектеп
Ақмола облысы, Қараөткел ІТ мектеп-лицейі
Атырау қаласы, «Сармат» мектеп-лицей-интернаты
Жетісу облысы, Кішішыған ауылының орта мектебі
Абай облысы, Семей қаласы №39 мектеп
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы №4 мектеп-лицей
Жамбыл облысы, Шу қаласы №40 мектеп-лицей
Қарағанды облысы, Әлихан Бөкейхан мектебі
Алматы облысы, Қонаев қаласы мектеп-гимназиясы
Қызылорда қаласы №264 мектеп-лицей
Ақтөбе қаласы, AQBOBEK INTERNATIONAL SCHOOL
Шымкент қаласы №47 мектеп-гимназия
Түркістан облысы, Жартытөбе ауылы мектебі
Маңғыстау облысы №12 мектеп
Астана қаласы №37 мектеп-лицей
25 сәуір күнгі ойындар кестесі:
09:00 – Түркістан облысы – Ақтөбе (Air Arena)
08:00 – Алматы облысы – Астана қаласы («Футбол үйі»)
12:00 – Жетісу – Қызылорда («Футбол үйі»)
14:00 – Ақмола облысы – Жамбыл облысы («Футбол үйі»)
16:00 – Ұлытау – Қарағанды («Футбол үйі»)
18:00 – Абай облысы – Атырау («Футбол үйі»)
20:00 – Маңғыстау – Шымкент («Футбол үйі»)
Айта кетейік, бұған дейін қыздар арасындағы «Былғары доп» республикалық кезеңі аяқталып, финалда Алматы облысының Іле ауданындағы №20 мектеп командасы Қызылорда облысының Қазалы ауданын 1:0 есебімен жеңген еді.
Турнир Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтеді.



