ФУТБОЛ
Қазақстанның WU-16 қыздар құрамасы УЕФА турнирінде бақ сынайды

16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғар қаласында өтетін УЕФА дамыту турниріне қатысады.
Халықаралық додаға Қазақстаннан бөлек Эстония, Израиль және Өзбекстан құрамалары қатысады. Барлық матчтар 2, 4 және 8 мамыр күндері ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді.
Юлия Мамонова жаттықтыратын команда 25 сәуір күні Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Ойындар кестесі:
3 мамыр
10:30 – Қазақстан – Эстония
15:30 – Өзбекстан – Израиль
5 мамыр
10:30 – Эстония – Өзбекстан
15:30 – Қазақстан – Израиль
8 мамыр
10:30 – Израиль – Эстония
15:00 – Қазақстан – Өзбекстан
Айта кетейік, турнирдің барлық кездесулері KFF TV YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.



