ФУТБОЛ

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының шешуші кезеңі өтіп жатыр

Астанадағы ҚФФ «Футбол үйінде» қыздар арасындағы «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі жалғасуда. Қазіргі таңда турнирдің финалдық кезеңіне шыққан командалар анықталды.

Барлық ойындар KFF Zhastar YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл жоба елімізде бұқаралық футболды дамытуға, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және қыздар футболын ілгерілетуге бағытталған. «Былғары доп» жас спортшыларға өз шеберлігін көрсетуге және кәсіби футболға қадам жасауға мүмкіндік береді.

Ойын кестесі:

23 сәуір, 11:00
Алматы қаласы – Маңғыстау облысы (7–8 орын)
Жетісу облысы – Ақтөбе облысы (5–6 орын)

23 сәуір, 12:30
Түркістан облысы – Жамбыл облысы (3–4 орын)

Айта кетейік, турнирге еліміздің 13 өңірінен командалар қатысып, жалпы саны 130-ға жуық оқушы бақ сынауда.

Қатысушы командалар:
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №56 орта мектеп
Түркістан облысы, Арыс қаласы, Қаражантақ ауылы, Б. Кенжебаев атындағы мектеп
Шымкент қаласы №69 орта мектеп
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Ж. Егінбаев атындағы мектеп-интернаты
Алматы қаласы №68 мектеп-гимназия
Астана қаласы №71 мектеп-лицей
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №25 мектеп
Алматы облысы, Іле ауданы №20 мектеп
Тараз қаласы, С.К. Нұрмағамбетов атындағы №10 мектеп
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Боранбай би атындағы мектеп
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №3 мектеп
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №7 мектеп
Қарағанды қаласы №30 мектеп

Сондай-ақ 23–30 сәуір аралығында ұлдар арасындағы «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button