
Қазақстандық семсерлесуші Ерлік Сертай Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз жарысты сәтті бастап, 1/32 финалда оңтүстіккореялық Ён Хо Намды 15:6 есебімен сенімді түрде жеңді. Келесі кезеңде венгриялық Левенте Бутаны 13:12 есебімен ұтып, одан кейін әлемдік рейтингте екінші орында тұрған тағы бір венгриялық спортшы Гергеи Шиклошиді 15:12 есебімен жарыс жолынан шығарды.
Ширек финалда Ерлік чехиялық Якуб Юрканы 15:9 есебімен жеңсе, жартылай финалда швейцариялық Ян Хауриден 15:12 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Алайда шешуші бәсекеде Сертай венгриялық Давид Надьге 12:15 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс жүлдемен қорытындылады.



