БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ақмарал Ерекешева Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Отандасымыз таспамен орындалатын жаттығуда финалда 27 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді Германия өкілі Дарья Варфоломеева (28.800 ұпай) иеленсе, күміс жүлде Италия спортшысы София Раффаэли (28.500 ұпай) еншісінде.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығудың финалында да өнер көрсетіп, 27.950 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. Ал көпсайыс қорытындысы бойынша оныншы орын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button