ФУТБОЛ

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалы өтеді

Астана қаласында 2026 жылғы 17–30 сәуір аралығында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі ұйымдастырылады.

Аталған турнирге еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 9–11 сынып оқушылары қатысады. Жарыстар екі кезеңге бөлінген: 17–23 сәуір аралығында қыздар арасында, ал 23–30 сәуір күндері ұлдар арасында өтеді.

Финалдық кезең Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтеді.

Бұл жарыс мектеп оқушылары арасындағы футболды дамытуға бағытталған ірі ұлттық жобалардың бірі болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button