ФУТБОЛ

Қазақстан WU-19 құрамасы Израильден жеңілді

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Израильге қарсы матч өткізді.

Кездесу Израиль құрамасының пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Қарсылас команда алғашқы таймда-ақ ойын тағдырын шешіп үлгерді: голдарды Тамар (10-минут), Аркоби (15) және Рот Хазан (26) соқты.

Матч Мальтаның Та-Кали қаласындағы «Центенари» стадионында өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button