
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Топтық жаттығуларда қазақстандық гимнастар күміс медаль иеленді. Көпсайыс қорытындысы бойынша команда 51,25 ұпай жинады.
Қазақстан сапында Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай өнер көрсетті.
Алтын жүлдені Қытай құрамасы (55,90 ұпай) жеңіп алса, Беларусь құрамасы (51,10 ұпай) үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, 12 сәуірде жекелей жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.



