БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Жайлыбай әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасу бағдарламасында қола жүлдеге ие болды. Ол жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласты жеңіп, жартылай финалға дейін жетті.

Шешуші кезеңде қазақстандық спортшы түркиялық Фуркан Яманға қарсы 13:15 есебімен есе жіберіп, үшінші орынмен шектелді.

Айта кетейік, Жайлыбай турнир барысында Венгрия, Жапония, Ресей және АҚШ спортшыларын жеңіп шықты. Турнир чемпионы атанған Фуркан Яман финалда қарсыласынан басым түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button