
Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты.
Кирилл Курдиди гит сайысында үздік нәтиже көрсетіп, құрлық чемпионы атанды. Ол жарыста ең жоғары уақыт көрсеткішіне қол жеткізді.
Күміс жүлде қытайлық Хань Се еншісіне бұйырса, үшінші орынды жапониялық Рето Ичида иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Жұмақанов екі бірдей күміс медаль жеңіп алса, Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон сайысында екінші орын алған еді. Ал Рината Сұлтанова жеке із кесуде қола жүлдеге ие болған болатын.



