ФУТБОЛ
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуролиганың элиталық дивизионына шақырту алды

Бұл нәтижеге команда Италияның Виареджо қаласында өткен Euro Beach Soccer League (EBSL) 2025 промо-финалында сәтті өнер көрсетуінің арқасында қол жеткізді. Сол турнирде Қазақстан құрамасы 4-орын алды.
Еуролиганың А дивизионында Қазақстан құрамасы Еуропаның жетекші құрамаларына қарсы ойнайды. Атап айтқанда, біздің команда Италия, Франция және Молдова құрамаларымен кездеседі.
Ойындар 29 шілде мен 2 тамыз аралығында Молдовада өтеді.
Айта кету керек, өткен маусымдағы Промофинал қорытындысымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Кайзер турнирдің үздік ойыншысы атанды.



