ФУТБОЛ
Қазақстан U-18 құрамасы жиынды жеңіспен түйіндеді

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Тбилисиде өткен оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтады.
Жолдастық кездесуде Тимур Қасымов шәкірттері Грузия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Матчта Қазақстан құрамасы сапынан Дінмұхаммед Махмудов 20-минутта есеп ашса, Руслан Уәлихан 77-минутта айырманы еселей түсті.
Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер оқу-жаттығу жиынын жеңіспен қорытындылады.



