БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Жұмақанов Азия чемпионатында тағы бір күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоз Әлішер Жұмақанов Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші күміс жүлдесін еншіледі.

Бұл жолы отандасымыз скрэтч дисциплинасында екінші нәтиже көрсетіп, тағы бір мәрте тұғырға көтерілді. Ал алтын медаль қытайлық Хайцзяо Сунь еншісінде кетсе, қола жүлдені гонконгтық Цун Вай Чу иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста да күміс медаль алған еді. Сонымен қатар Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон сайысында екінші орын алса, Рината Сұлтанова жеке із кесуде қола жүлдеге ие болған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button