ФУТБОЛ

Қазақстан U-17 құрамасы Даниядан жеңілді

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеуінің А лигасындағы екінші ойынында Данияға есе жіберді.

Бапкер Бауыржан Сағындық жетекшілік ететін команда сырт алаңда 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелері бірінші таймда екі гол соғып, матч тағдырын ерте шешті.

Ойын барысында қазақстандық футболшылар бірнеше ескерту алды, ал даниялықтар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, үшінші голды екінші таймда соқты.

Қазақстан құрамасы топтағы соңғы кездесуін 31 наурыз күні Чехияға қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button