БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатын алтын медальмен бастады

Филиппиннің Тагаитай қаласында басталған тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін жеңіп алды.

Юниор қыздар арасындағы командалық із кесу жарысында Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлканова алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар финалда жоғары нәтиже көрсетіп, құрлықтық додадағы алғашқы жүлдені ел қоржынына салды.

Күміс жүлде Тайбэй құрамасына бұйырса, үшінші орынды Өзбекстан командасы иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button