БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан садақшылары Азия кубогында үш финалға шықты

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, үш бірдей финалға жолдама алды.

Блоктық садақ атудан әйелдер құрамасы жартылай финалда Малайзияны жеңіп, финалда Үндістанмен кездесетін болды. Команда сапында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова өнер көрсетуде.

Классикалық садақ атудан ерлер құрамасы Қытайлық Тайбэйді ұтып, финалда Үндістанмен алтын медаль үшін таласады. Құрамада Дастан Кәрімов, Ильфат Абдуллин және Дәулеткелді Жаңбырбай бар.

Сондай-ақ әйелдер құрамасы да классикалық садақ атудан финалға шықты. Олар жартылай финалда Малайзияны жеңіп, енді Қытай құрамасымен кездеседі. Бұл команда сапында Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова және Александра Землянова өнер көрсетеді.

Финалдық бәсекелер 27 наурыз күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button