БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан гимнастары Афинадағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

Грекия астанасы Афинада өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы нәтижелі өнер көрсетіп, төрт жүлдеге қол жеткізді.

Топтық жаттығуда қазақстандық гимнасттар 5 доппен орындалған бағдарламада алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, көпсайыс қорытындысы бойынша да топтық құрам бірінші орынға ие болды.

Жекелей сында Ақмарал Ерекешева жоғары нәтиже көрсетіп, ұршықпен жаттығуда алтын медаль еншіледі. Бұған қоса, ол доппен өткен финалда күміс жүлдегер атанып, таспамен жаттығуда бесінші орынға тұрақтады. Еске салсақ, бұған дейін ол көпсайыс бойынша да чемпион атанған еді.

Ал Айым Мейіржанова ұршық жаттығуында қола жүлдеге ие болды. Диана Серсембаева шығыршық бағдарламасында финалда алтыншы нәтиже көрсетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы беделді турнирде жоғары деңгейдегі нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button