ТЕННИС

Путинцева Майами турнирінде Рыбакинамен кездеседі

Қазақстандық теннисші, әлемнің 75-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымынан өтті.

Алғашқы кездесуінде Путинцева әлемнің 40-ракеткасы, индонезиялық Джанис Тьенді жеңді. Бұл олардың өзара алғашқы ойыны болды.

Матчтың бірінші партиясында Тьен 6:3 есебімен басым түсті. Алайда қазақстандық теннисші кейінгі сеттерде камбэк жасап, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 6 минутқа созылған кездесуде Путинцева 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал қарсыласы 12 эйс тіркеп, 6 брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.

Енді Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакинамен кездеседі.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 және 2024 жылдары Майами турнирінде финалға дейін жеткен. Өткен маусымда екі қазақстандық та жарысты екінші айналымда аяқтаған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button