
32 жастағы қазақстандық қақпашы Ақтөбе командасының сапын толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Александр Заруцкий өткен маусымды Қайрат құрамында өткізді. Ол алматылық клубқа 2025 жылдың басында қосылып, команданың Қазақстан Премьер лигасындағы чемпиондығына және Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына өз үлесін қосты.
Өткен маусымда қақпашы «Қайрат» сапында 24 матчқа қатысып, тұрақты әрі сенімді ойынымен көзге түсті.



