ТРЕНДТЕ
«Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттары марапатталды

Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды және ұйымдарды марапаттауға арналған «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының салтанатты рәсімін өткізді.
Жылдың үздік спортшылары
Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша:
- әйелдер боксының екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова,
- грек-рим күресінен 2025 жылғы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали,
- XXV жазғы Сурдлимпиада жеңімпазы Фаина Мейрманова
үздік деп танылды.
Жылдың үздік жаттықтырушылары
- Долкунжан Камеков (Алуа Балқыбекованың жеке жаттықтырушысы),
- Райымбек Ғабиден (Айдос Сұлтанғалидің бапкері).
Үздік федерация мен ұйым
- «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» — Қазақстан бокс федерациясы
(әлем чемпионатындағы жоғары нәтиже үшін). - «Жылдың үздік спорт ұйымы» — Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы
(12 спорт түрі, 837 спортшы, 53 жарыс, 85 медаль).
Үздік спорт өңірі
- Қызылорда облысы — тұрғындардың 44,6%-ы спортпен жүйелі айналысады, инфрақұрылым қарқынды дамып келеді.
Ауыл спортының үздіктері
- Ауылдық жердегі үздік нұсқаушы — Сержан Баденов (Жамбыл обл., Құмарық а/о),
- Аудандық үздік бөлім — Қарағанды обл., Қарқаралы ауданы,
- Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы — Владимир Шалыгин (Қостанай обл., шаңғы жарысы),
- Үздік әдіскер — Алтынбек Сарбупин (Ақтөбе обл., Ырғыз ауданы).
Сала мамандары мен серпін
- Дене шынықтыру және спорт саласының үздік маманы — Мейрам Нұртазин (Астана),
- Спорттағы жыл серпіні — Дастан Сәтпаев («Қайрат»).
Жастар мен жасөспірімдер
- Ақмарал Ерекешева (көркем гимнастика),
- Дінмұхаммед Райымқұлов (фристайл-акробатика),
- Ксения Прозорова (ауыр атлетика).
Жылдың үздік спорт меценаты
- FREEDOM компаниясы — өңірлік спорт инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін.
Спорт журналистикасы
- Үздік тележоба — Азат Смағұлов (Qazsport),
- Үздік спорттық жарияланым — Қанат Байұзақов (Elordainfo.kz), Әсел Әбілбек (Baq.kz),
- Үздік фоторепортаж — Тұрар Қазанғап.
Бұл марапаттар 2025 жылы қазақстандық спорттың жүйелі дамуын, жоғары нәтижелер мен кадрлық әлеуеттің күшейгенін айқын көрсетті.



