Тарихи жыл: Қазақстан 2025 жылы жаңа спорт түрлерінен жүлде алды

2025 жыл Қазақстан спорты үшін шын мәнінде тарихи кезең ретінде есте қалды. Отандық спортшылар жыл бойы халықаралық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жол ашты. Әлем чемпионаттары, құрлықтық біріншіліктер мен кешенді жарыстарда қазақстандық атлеттер жаңа спорт түрлерінде тұңғыш рет жүлде алып, Қазақстанның спорттық географиясын айтарлықтай кеңейтті.
Бұл жыл тек медаль санының артуымен емес, ұлттық құрамаларда жаңа көшбасшылардың қалыптасуымен, бұрын беймәлім немесе сирек дамыған спорт салаларының алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленді. Қазақстан спорты әлемдік деңгейде тек дәстүрлі бағыттарда ғана емес, жаңа дисциплиналарда да бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.
Қазақ спорты тарихына енген жаңа есімдер мен жетістіктер
2025 жылы бірқатар спортшы жеке жетістігімен ғана емес, тұтас бір спорт түрінің ел ішіндегі дамуына серпін берді.
* Әбиба Әбужақынова (дзюдо),
* Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Айбек Оралбай (бокс),
* Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау),
* Айдос Сұлтанғали (грек-рим күресі),
* Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов (семсерлесу),
* Денис Никиша, Әділ Ғалиахмедов, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко (шорт-трек),
* Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов (фристайл-акробатика),
* Аида Әбікеева, Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова (бокс),
* Ербол Хамитов (пара биатлон),
* Ақмарал Ерекешева (гимнастика),
* Виктория Лян, Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова (садақ ату),
* Евгений Кошкин (конькимен жүгіру),
* Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали (таэквондо),
* Едіге Қасымбек (еркін күрес),
* Шұғыла Өмірбек (әйелдер күресі),
* Еркебұлан Қанафин (сурдо-дзюдо),
* Фаина Меирманова (биіктікке секіру),
* Давид Дегтярев (пауэрлифтинг),
* «Қайрат» футбол клубы.



