ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қызылжар» футбол клубы жекеменшікке өтті

«Қызылжар» футбол клубы алғашқылардың бірі болып жеке қаржыландыруға көшті. Бұл туралы клубтың ресми парақшасы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, спорттық брендті, инфрақұрылымды және клубтың барлық активтерін жеке инвесторға беру туралы шешім қабылданған. Жаңа инвестор ретінде кәсіпкер Сергей Кан бекітілді.

Хабарламада:

«Петропавл қаласында спорттық сабақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат «Қызылжар» футбол клубының ҚФФ, FIFA және UEFA қолдауымен өтетін жарыстарға қатысуына байланысты құқықтар мен міндеттердің берілу тәртібін айқындайды. Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасы аясында «Қызылжардың» инвесторы кәсіпкер Сергей Кан болды», — делінген.

Осылайша, солтүстікқазақстандық клуб ел футболындағы жекеменшік басқару үлгісіне көшкен алғашқы командалардың бірі атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button