
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен чемпион атанды.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов қатысқан командалық сында отандастарымыз финалда Иран құрамасын 8:1 есебімен жеңді.
Нәтижелер келесідей:
Алан Құрманғалиев / Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи / Сейедмохаммад Мусавитахер – 2:1
Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи – 3:0
Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи – 3:0
Қазақ спортшылары енді жекелей және жұптық сайыстарда бақ сынайды.



