Қазақстан U-19 құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын тізімі жарияланды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады. Команданың нақты құрамы белгілі болды.
Алматыда өткен оқу-жаттығу жиыны барысында бапкерлер штабы 21 ойыншыны таңдады.
Қақпашылар:
Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»).
Қорғаушылар:
Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалықұлов (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Абзал Сағын, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Темірлан Төребек («Ертіс»).
Жартылай қорғаушылар:
Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәли Әбіш, Азамат Тұяқбаев (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»), Даниал Назаров («Астана»).
Шабуылшылар:
Мансур Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания).
Бапкерлер құрамы:
Кирилл Кекер – аға бапкер, Сергей Лабодовский – көмекші бапкер, Егор Скулкин – дене даярлығы бапкері, Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – сарапшы-бапкер, Айдар Шабанбай – дәрігер, Жансұлтан Сатмағамбет – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.
Іріктеу кезеңі Нидерландта өтеді. Қазақстан құрамасы Кипр, Ирландия және Нидерланд командаларымен бір топта өнер көрсетеді.



