Спорт Министрі | «Семей» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен бастады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Семей» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен бастады

Қазақстандық «Семей» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Бірінші турда семейліктер Чехияның «Хрудим» командасымен кездесіп, 9:5 есебімен айқын жеңіске жетті.

Қазақстандық команданың сапынан Кандидо Дос Сантос хет-трик (6, 22, 27-минуттар), Бруно Гомес дубль (10, 19), Шыңғыс Есенаманов (21), Камиль Герейханов (23), Марсело (25) және Әбдірасул Әбдуманапұлы (39) бір-бір голдан соқты. Чехиялық клуб бес доппен жауап қайырды.

«Семей» үшін бұл жеңіс Чемпиондар лигасының үшінші тобы аясындағы маңызды нәтиже болды. Команда келесі кездесулерін 30 қазанда Францияның «Этуаль» және 1 қарашада Испанияның «Пальма» клубтарына қарсы өткізеді. Барлық ойындар Испанияда «Пальма» командасының алаңында өтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button