ТЕННИС
Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасына жол берді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің жартылай финалына өте алмады.
Ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы кортқа шығып, екі сет қорытындысы бойынша 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді ширек финал кезеңінде аяқтады.



