Спорт Министрі | ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі: Қазақстан Лихтенштейннен ірі есеппен басым түсті
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі: Қазақстан Лихтенштейннен ірі есеппен басым түсті

Астанада өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алтыншы турындағы матчта Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын 4:0 есебімен ұтты.

Ойын барысында дубль авторы Кенжебек (26’, 59’) екі мәрте көзге түсті. Сондай-ақ Зайнутдинов (28’) пен Қасым (81’) бір-бір голдан соқты.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай бар. Ұлттық құрама өз тобында төртінші орында орналасқан.

Келесі кездесу 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македония құрамасына қарсы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button