ФУТБОЛ
Ресми: «Ұлытау» бас бапкері Иван Азовскиймен қош айтысты

Жезқазғандық «Ұлытау» футбол клубы бас бапкері Иван Азовскийді қызметінен босатты.
60 жастағы қазақстандық маман клубты өткен маусымда Бірінші лига жеңімпазы атандырып, Премьер-лигаға алып шыққан болатын. Алайда қазіргі таңда команда 12 турдан кейін 12 ұпай жинап, турнир кестесінің төменгі бөлігінде тұр.
Клуб басшылығы алдағы уақытта команданың нәтижесін жақсарту үшін жаңа бапкерлік құраммен жұмыс істеуді жөн көрген. Жаңа жаттықтырушының есімі жақын күндері жариялануы мүмкін.