ФУТБОЛ
Футзалдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері анықталды

«Атырау» мини-футбол клубы футзалдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Үшінші орын үшін плей-офф сериясында «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы шешуші үшінші матчта атыраулықтар 6:5 есебімен жеңіске жетіп, жалпы серияда 2:1 есебімен басым түсті.
Алғашқы ойында «Ақтөбе» 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Алайда екінші кездесуде «Атырау» 3:0 есебімен жауап қайтарып, шешуші матчта жеңісті жұлып әкетті.
Осылайша, маусым қорытындысы бойынша «Атырау» клубы Қазақстан біріншілігінің қола жүлдесін иеленді.